ШҚО-да «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы белсенді түрде жалғасуда. Белсенділер көшелерді аралап, қала тұрғындарымен тікелей тілдесуді жалғастыруда.
Партия өкілдері Куленовка шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде қала тұрғындары жолдардың жай-күйі, көгалдандыру, қоқыс шығару және басқа да мәселелерді көтерді. Белсенділер жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, оның ұстанымы мен мақсаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Одан кейін партия өкілдері Глубокое ауданына барды. Мәдениет үйінде өткен кездесуде тұрғындар өңірдің әлеуметтік және қоғамдық мәселелерін көтеріп, пікір алмасты.
Үгіт-насихат науқаны аясында филиал «Үйден үйге» форматындағы кездесулерді де жалғастырды. Белсенділер қалалық қоғамдық көлікте ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, сайлауалды бағдарлама мен партия туралы ақпарат жазылған парақшалар таратты.






