Жанатұрмыс ауылында саясат пен өнер тоғысқан кеш өтті

Жанатұрмыс ауылында саясат пен өнер тоғысқан кеш өтті

Саяси науқан аяқталуға шақ қалса да, «Байтақ» жасылдар партиясы үгіт-насихат жұмысын бәсеңдеткен жоқ. Партия өкілдері Алматы облысы Қарасай ауданының Жанатұрмыс ауылында ерекше іс-шара ұйымдастырды.

2026 ж. 21 тамыз

Елді мекеннің футбол алаңы бір кешке өнер жұлдыздары қатысқан сахнаға айналды. Ашық аспан астындағы концертке жиналған қауым алдымен жасылдар партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысып, басты ұстанымы жайлы ақпарат алды.

Іс-шараға партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Владимир Мартель, Андрей Краснокуцкий, Елдос Айбеков және Ұлан Мұсаев арнайы шақырылды. Сондай-ақ облыстық филиал жетекшісі Арнұр Ерболатов та қатысты.

Үміткерлер «Байтақ» партиясы бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірген соң ашық диалог форматына көшті. Жұрт өзін толғандырған түрлі мәселені ортаға салып, сұрақтар қойды. Тараптар өзара пікір алмасып, жергілікті жердегі нақты проблемаларға тоқталды.

Кеш мәдени бағдарламаға ұласты. Ауыл халқының алдында «Юлтуз» тобы өнер көрсетті. Ән шырқалып, би биленді.

Ұйымдастырушылар Жанатұрмыс тұрғындарына жылы қабылдағаны әрі іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар