Мұқыры ауылында экотуризм мен ауылды дамыту мәселелері талқыланды

Мұқыры ауылында экотуризм мен ауылды дамыту мәселелері талқыланды

Үгіт-насихат жұмысы аясында BAYTAQ жасылдар партиясының өкілдері Жетісу облысының Көксу ауданындағы Мұқыры ауылына арнайы барды. Партия өкілдері елді мекен тұрғындарымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.

2026 ж. 6 тамыз

Жиынға Құрылтай сайлауына кандидат Темірлан Файзулин мен жасылдар партиясының республикалық штаб өкілі Батыржан Сейдомар қатысты. Кездесу барысында тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдалану, экологиялық туризмді дамыту, ауыл экономикасын нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамалар сөз болды. Қатысушылардың пікірінше, экотуризм – табиғатты сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар