Мәмбет ауылында экотуризм мен тарихи мұраны сақтау мәселесі талқыланды

Мәмбет ауылында экотуризм мен тарихи мұраны сақтау мәселесі талқыланды

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында BAYTAQ жасылдар партиясының республикалық штаб өкілі Батыржан Сейдомар Жетісу облысы Көксу ауданының Мәмбет ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

2026 ж. 9 тамыз

Жиында өңірдің экологиялық дамуына бағытталған бастамалар мен экожобаларды жүзеге асыру мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, Жетісудың табиғи әрі тарихи мұрасы саналатын Ешкіөлмес жотасы мен Алабасы тауының туристік, тарихи-мәдени әлеуетіне назар аударылды.

Көпшілік бұл нысандарды қорғау, ғылыми тұрғыдан зерттеу керегін көтеріп, экологиялық туризмді дамыту және тарихи-мәдени мұраны насихаттау бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Экотуризмді қолдау арқылы жергілікті халыққа жаңа мүмкіндіктер ашу, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мәселесі де талқыланды.

Кездесуге қатысушылар табиғи және тарихи құндылықтарды сақтай отырып, өңірдің тұрақты дамуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар