Балпық би ауылында экология мен өндіріс мәселесі талқыланды

Балпық би ауылында экология мен өндіріс мәселесі талқыланды

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында BAYTAQ жасылдар партиясы республикалық штабының өкілі Батыржан Сейдомар Жетісу облысы Көксу ауданының Балпық би ауылына сапарлап барды.

2026 ж. 7 тамыз

Өңір тұрғындарымен кездескен ол халықты мазалайтын экологиялық және әлеуметтік мәселелерді талқылады. Әсіресе, Көксу қант зауыты мен майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорындардың жұмысы, олардың қоршаған ортаға әсері мен экологиялық талаптарды сақтау мәселесі кеңінен сөз болды.

Тұрғындар да үнсіз қалмады. Өндіріс орындарының заманауи экологиялық технологияларды қолдануы, табиғатқа келетін зиянды азайту мен халық денсаулығына кері әсерін көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындардың қызметіне экологиялық бақылауды күшейту, олардың ашықтығы мен жергілікті халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында қатысушылар өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өндіріс пен табиғатты қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары жөнінде пікір алмасты.

Партия өкілдерінің айтуынша, экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықпен ашық диалог орнату – өңірдің тұрақты дамуының басты шарттарының бірі.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар