Түпқараған музейінде сайлауалды кездесу өтті

Түпқараған музейінде сайлауалды кездесу өтті

Сайлауалды науқан аясында «Байтақ» жасылдар партиясы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына барды. Бұл жолғы кездесу орталық музейде өтті.

2026 ж. 18 тамыз

Түпқараған музейінде сайлауалды кездесу өтті

Сайлауалды науқан аясында «Байтақ» жасылдар партиясы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына барды. Бұл жолғы кездесу орталық музейде өтті. Шараға филиалдың төрағасы Аллаберген Қонарбаев, саяси кеңес мүшесі Данияр Аралбаев және Құрылтай депутаттығына кандидат Тайр Сағымбаев қатысты.

Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарын таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамның тұрақты дамуы.

Еркін форматта өткен жиында музей қызметкерлері белсенді болды. Олар ұсыныстарын ортаға салып, өздерін толғандырған түйткілдерді көтерді. Сұрақ-жауап қызықты әрі түрлі ақпаратқа толы болды.

Тараптар қоғамның түрлі саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің маңызын айтты. Партия өкілдері тұрғындар және еңбек ұжымдарымен тікелей кездесу сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар