Қызылорда облысында Baytaq партиясының еріктілері сайлауалды үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп жатыр. Олар қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын түсіндіріп, ақпараттық материалдар таратты.
Қала көшелерін аралаған белсенділер партияның экологиялық бастамаларын түсіндіріп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты ұсыныстар жайлы айтты.
Партия өкілдерінің сөзінше, үгіт-насихат науқанында бұқарамен тікелей тілдесудің маңызы зор. Осылайша жасылдар халықты алаңдатқан өзекті түйткілдерді анықтайды. Кейін шешу жолдарын іздеп, нақты жоспар құрамыз, – дейді.






