«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы өңірдегі үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл жолы партия белсенділері Хромтау ауданы көшесін аралап, тұрғындармен тікелей тілдесті.
Еріктілер аудан халқымен ашық диалог орнатып, экология, қоршаған ортаны қорғау сынды елді алаңдатқан өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тұрғындар да үнсіз қалмады. Ұсыныс-тілектерін айтып, шешу жолдарын талқылады.
Партия өкілдері мұндай кездесулердің маңызды екенін айтады. Жергілікті халықтың пікірін естіп, нақты мәселелерді анықтау сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі, – дейді.
Хромтау ауданындағы белсенділер сайлауалды науқан аяқталғанша тұрғындармен тікелей байланысты жалғастыра бермек.






