Атырауда «Байтақ» өкілдері үгіт-насихатты түнде де тоқтатпады

Атырауда «Байтақ» өкілдері үгіт-насихатты түнде де тоқтатпады

Атырау облысында «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр. Партияның жергілікті бастауыш ұйымы өкілдері теміржол вокзалына барып, түнгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлермен тілдесті.

2026 ж. 11 тамыз

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, өңірдегі экологиялық мәселелер сөз болды. Партия өкілдері қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамалар туралы айтып, теміржолшыларға үгіт материалдарын таратты.

Жасылдар вокзалдағы жолаушыларға да ақпараттық парақшалар ұсынып, партияның ұстанымдары мен сайлауалды бағдарламасы туралы қысқаша түсіндірді.

Теміржолшы да, халық та үнсіз қалмады. Белсенділік танытып, өздерін алаңдатқан түйткілдер бойынша сұрақ қойды. Партия өкілдері азаматтармен тікелей сөйлесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаудың маңыздылығын атап өтті.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар