BAYTAQ өкілдері медицина қызметкерлерімен жолықты

BAYTAQ өкілдері медицина қызметкерлерімен жолықты

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында BAYTAQ жасылдар партиясының өкілдері Алматыдағы №15 қалалық емханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті.

2026 ж. 6 тамыз

BAYTAQ өкілдері медицина қызметкерлерімен жолықты

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында BAYTAQ жасылдар партиясының өкілдері Алматыдағы №15 қалалық емханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында денсаулық сақтау саласының бүгінгі жай-күйі, дәрігерлердің еңбек жағдайы, экологиялық факторлардың халық денсаулығына әсері сөз болды.

Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі бағыттарын таныстырды. Ал дәрігерлер күнделікті қызмет кезінде кездесетін түйткілдерді ортаға салды. Атап айтқанда, еңбек жүктемесі, кадр тапшылығы, әлеуметтік қолдау, әділ еңбекақы және заманауи медициналық жабдықтардың қолжетімділігі.

Тараптар профилактикалық медицинаны дамыту, медицина саласын қаржыландыруды күшейту, медицина қызметкерлері құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қоса, қоршаған ортаның ахуалы мен халық денсаулығының өзара байланысы талқыланып, экологиялық қауіптердің алдын алу аурулардың азаюына ықпал ететіні айтылды.

Партия өкілдерінің пікірінше, денсаулық сақтау саласын дамыту тек медициналық инфрақұрылымды жетілдірумен шектелмейді. Ол үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастырып, дәрігерлердің сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау маңызды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты өзара ұсыныстарын бөлісті.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар