«Байтақ» партиясы ТМД-дан келген байқаушылармен кездесті

«Байтақ» партиясы ТМД-дан келген байқаушылармен кездесті

Baytaq жасылдар партиясына Құрылтай сайлауын бақылауға келген ТМД Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушылары келді.

2026 ж. 5 тамыз

«Байтақ» партиясы ТМД-дан келген байқаушылармен кездесті

Baytaq жасылдар партиясына Құрылтай сайлауын бақылауға келген ТМД Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушылары келді. Демократияны дамыту мониторингі институты директорының орынбасары Евгения Еременко мен сараптама бөлімінің бастығы Роман Амбурцевті партияның орталық кеңсесінде бақылау комитетінің төрағасы Мұрат Ташибаев күтіп алды.

Кездесуде тараптар үгіт-насихат науқанының өту барысы, халықаралық бақылаудың маңызы, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мұрат Ташибаев партияның сайлауалды жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатқанын баяндап, Орталық сайлау комиссиясымен де өзара байланыс оң жолға қойылған деді.

Халықаралық байқаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар таныстырылды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік ластануды азайту, баламалы энергетиканы дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және «жасыл» технологияларды енгізу бағытындағы бастамалар сөз болды.

Партияның бастамасымен қазіргі таңда ауқымды республикалық шара өтіп жатқаны айтылды. «Арал – Астана» экологиялық керуенінің басы-қасында төраға Азаматхан Әміртаевтың өзі жүр. Елдің алты өңірі мен екі ірі қаласын қамтитын акция 12 тамызда мәресіне жетеді.

Партия өкілдері ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық миссиясына алғыс білдіріп, оның объективті бағасы еліміздегі демократиялық үдерістердің одан әрі дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар