Қалдық, кәріз, өндіріс: Іле ауданындағы экологиялық түйткілдер

Қалдық, кәріз, өндіріс: Іле ауданындағы экологиялық түйткілдер

Құрылтай сайлауына санаулы күндер қалса да, «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы бәсеңдеген жоқ. Партия өкілдері мен кандидаттар өңір-өңірді аралап, сайлауалды бағдарламаны халыққа түсіндіруді жалғастырып жатыр.

2026 ж. 17 тамыз

Партия атынан сайлауға түскен үміткер Елдос Айбеков Алматы облысы Іле ауданына барды. Бұл – аймақтағы ең экологиялық ахуалы өткір өңірдің бірі.

Тұрғындармен кездескен Елдос Айбеков экология ахуалын жан-жақты талқылап, бұқараның базынасын тыңдады. Жағдай қиын екенін айтқан жұрт экологияны ту еткен партия халықтың мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізсе дейді.

Үгіт-насихат науқаны басталғалы кандидат Алматы облысының тоғыз ауданын аралап шыққан. Бұл шамамен 13 мың шақырым жол. Елдос Айбеков сапар барысында жергілікті жердегі өзекті мәселелерді халықтың өз аузынан естіп, пікір алмасуға мүмкіндік болғанын айтады. Ол мұндай кездесулердің партияның алдағы жұмысын жандандыруға серпін беретініне сенімді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар