Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік

«Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер Алтай Ордабеков «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ұжымымен кездесті.

2026 ж. 20 тамыз

Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік

«Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер Алтай Ордабеков «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ұжымымен кездесті.

Жиында ол партияның сайлауалды бағдарламасын жіті таныстырып, экологиялық мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, табиғи аумақтарды қорғау, биоалуандықты сақтау, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру.

Алтай Ордабеков табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың емес, қоғамның әр мүшесінің ортақ міндеті екенін атап өтті.

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі 2006 жылы құрылған. Батыс Тянь-Шань аумағында орналасқан ұлттық парктің жалпы аумағы 149 мың гектардан асады. Бұл жерде табиғи ландшафттарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау бағытында жұмыс жүргізіледі.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар