Орман мен жануарлар әлемін қорғау мәселесі талқыланды

Орман мен жануарлар әлемін қорғау мәселесі талқыланды

Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» партиясынан Құрылтай сайлауына үміткер Владимир Мартель түрлі еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастырды. Бұл жолы ол Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Көктерек ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне барды.

2026 ж. 17 тамыз

Шарада кандидат партияның негізгі мақсат-міндетін түсіндіріп, сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын таныстырды. Тараптар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті түйткілдерді талқылады. Атап айтқанда, орман қорын сақтау, жан-жануарлар әлемін қорғау, орман өрттерінің алдын алу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Владимир Мартель табиғатты сақтау тек мамандардың емес, баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Қатысушылар экологиялық жауапкершілікті күшейту, табиғатты қорғау ісінде қоғамның белсенді араласуы маңызды екенін айтып, пікір алмасты.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар