Жетібайдағы мұнай қалдықтары экологияға алаңдауға негіз болды

Жетібайдағы мұнай қалдықтары экологияға алаңдауға негіз болды

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында жүргізілген экологиялық мониторинг мұнай қалдықтарына қатысты мәселенің бетін ашты.

2026 ж. 21 тамыз

Жетібайдағы мұнай қалдықтары экологияға алаңдауға негіз болды

Маңғыстау облысының Жетібай ауылында жүргізілген экологиялық мониторинг мұнай қалдықтарына қатысты мәселенің бетін ашты.

«Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиал төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен Қарақия аудандық филиалының жетекшісі Ағзам Жұмсақов аумақта саралау жүргізу кезінде мұнай қалдығы жиналған бөшкелерді анықтады.

Партия өкілдері иесіз қалған қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсері болуы мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан анықталған мәселені зерделеп, тиісті шаралар қабылдау қажет деп отыр.

Түйткілді бақылауға алған «Байтақ» партиясының өңірлік филиалы бұл жайлы жауапты органдарға хабарламақ. Ең әуелі облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атына ресми хат жолданып, анықталған жағдай бойынша шара қабылдау ұсынылады.

Партия өкілдері аймақтағы экологиялық мәселелерді анықтау және олардың шешілуіне ықпал ету бағытындағы мониторинг жұмысын жалғастыра бермек.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар