«Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Владимир Мартель Алматы қаласындағы №196 мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.
Жиында ол партияның қызметі мен сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, білім беру саласына қатысты өзекті түйткілдерді талқылады. Шараға 30-ға жуық педагог қатысты.
Әңгіме барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды қоршаған ортаны қорғау бастамаларына тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қоса, педагогтерді әлеуметтік қамсыздандыруға, олардың еңбек жағдайы мен зейнет жасына қатысты сұрақтар көтерілді. Мұғалімдердің экологиялық бастамаларға белсенді араласуының маңызды екені айтылды.
Владимир Мартель ұстаздармен ашық пікір алмасып, сауалдарына жауап берді. Ұсыныстарын тыңдады.





