Әділетті қоғамға — шыншыл сөз

Әділетті қоғамға — шыншыл сөз

Бүгін қолыма Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» атты кітабы тиді. Қолыма алған бойда оқуға кірістім.

2026 ж. 12 тамыз

Әділетті қоғамға — шыншыл сөз

Құрметті ағайын!

Бүгін қолыма Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» атты кітабы тиді. Қолыма алған бойда оқуға кірістім.

Бұл еңбектен Мемлекет басшысының басты мақсаты — Әділетті Қазақстанды, әділетті қоғамды қалыптастыру екенін анық көруге болады. Мемлекетті басқарудың негізгі қағидаттары, ел дамуының бағыттары, қоғам мен билік арасындағы жауапкершілік пен әділеттілік ұстанымдары осы кітапта айқын көрініс тапқан.

Біз бір нәрсені әрдайым түсінуіміз керек: біз — біртұтас мемлекетпіз. Елін сүйетін, Қазақстанның болашағын ойлайтын әрбір патриот азамат мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына өз үлесін қосуы керек.

Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда бізге ең алдымен бірлік, сабыр және ортақ мақсат қажет. Қазақ «артық қыламын деп тыртық қылма» дейді. Сондықтан ел тағдырына қатысты мәселелерде жеке мүддеден мемлекеттік мүддені биік қоюымыз керек.

Президенттің Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асыру — тек Мемлекет басшысының немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Бұл — еліміздің болашағына бейжай қарамайтын барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Президенттің айналасына елін ойлайтын, мемлекетшіл, отаншыл азаматтар топтасуы керек. Бірлігіміз мықты болса, мемлекетіміз де мықты болады.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар