Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында BAYTAQ жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Алтай Ордабеков Шымкент қаласын аралап жүр. Бұл жолы ол Әл-Фараби ауданындағы Түркістан көшесінің тұрғындарымен жүздесіп, алаңдатқан проблеманы естіп білді.
Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Халық та үнсіз қалмады. Бұқараның айтуынша, аумақты жиі жағымсыз иіс басады. Мәселені түрлі деңгейде көтергенмен, шешілмей келеді.
Шарада бұдан басқа да ұсыныс-пікірлер айтылды. Сұрақтар қойылды. Партия өкілдері әр мәселені бақылауға алып, жүйеленген соң тиісті органдарға жолдауға уәде берді.





