Экология шекара таңдамайды

Экология шекара таңдамайды

Бүгін Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының орталық кеңсесіне Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бүлекбаев арнайы келді.

2026 ж. 9 қазан

Экология шекара таңдамайды

Бүгін Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының орталық кеңсесіне Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бүлекбаев арнайы келді.

Әлемнің көптеген елінде жасылдар партиялары жұмыс істейді. Барлығымызды біріктіретін ортақ мақсат — планетамызды қорғау, табиғатты сақтау және келер ұрпаққа таза, қауіпсіз орта қалдыру. Өйткені таза ауа, таза су, таза жер — бәрімізге ортақ құндылық.

Экологиялық мәселелер мемлекеттік шекарамен шектелмейді. Ортақ өзендеріміз, тауларымыз бен табиғи байлығымыз бізден бірлескен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан жасылдар партиялары арасындағы ынтымақтастық табиғатты қорғаумен қатар, елдер арасындағы достық пен өзара сенімді нығайтуға да жол ашады.

Қазақ пен қырғыз — бауырлас халықтар. Осы бауырластықты табиғатты қорғау жолындағы ортақ істермен бекіту — біздің мақсатымыз.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар