Экология және денсаулық — ортақ мәселе

Экология және денсаулық — ортақ мәселе

«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы үгіт-насихат жұмысы аясында Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласына барды. Партия өкілдері аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

2026 ж. 19 тамыз

Жиында экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері және халық үшін қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру мәселесі талқыланды.

Медицина қызметкерлері экологиялық факторлардың денсаулыққа ықпалы, аурулардың алдын алу, өмір сапасын жақсарту бағытындағы өзекті түйткілдерді көтерді.

Партия өкілдерінің айтуынша, экологиялық саясат тек табиғатты қорғаумен шектелмеуі керек. Оның маңызды бағыты — азаматтардың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар