Экология мен әлеуметтік саясат: халықтың өмір сапасы назарда

Экология мен әлеуметтік саясат: халықтың өмір сапасы назарда

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» партиясының Ақтөбе филиалы өкілдері Мұғалжар ауданына сапарлап барды. Олар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне соғып, ұжыммен кездесті.

2026 ж. 20 тамыз

Экология мен әлеуметтік саясат: халықтың өмір сапасы назарда

Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» партиясының Ақтөбе филиалы өкілдері Мұғалжар ауданына сапарлап барды. Әуелі олар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне соғып, ұжыммен кездесті.

Шарада партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, экология мен әлеуметтік саясаттың өзара байланысы талқыланды. Әсіресе халықтың әл-ауқаты, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, адамның өмір сапасы тек тұрақты жұмыс пен табысқа ғана емес, қоршаған ортаның жағдайына да тікелей байланысты. Таза ауа мен су, қолжетімді инфрақұрылым және қауіпсіз орта – халықтың әл-ауқатына әсер ететін маңызды факторлар.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін алаңдатқан түрлі түйткілді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. Партия өкілдері халықпен ашық диалогты жалғастыра бермек. Осылайша жергілікті жердегі проблемаларды анықтауға мүмкіндік аламыз деп отыр.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар