«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері «Алатау Жарық Компаниясы» ұжымымен кездесті. Жиында энергетика саласын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық қауіпсіздік сияқты сұрақтар талқыланды.
Энергетика саласының мамандары жаңа технологияларды енгізу, энергия тиімділігін арттыру және сенімді энергетикалық жүйе қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Партия өкілдері жасыл экономика өндіріс пен энергетиканың дамуына кедергі емес, керісінше, оларды жаңа деңгейге көтеретін бағыт болуы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына ықпалын ескеру маңызына тоқталды.
«Байтақ» партиясының ұстанымынша, энергетика да, өндіріс те қарқынды дамуы керек. Алайда экономикалық өсімнің құны қоршаған ортаның ластануы мен халық денсаулығына төнетін қауіп есебінен болмауға тиіс.
Ашық пікір алмасу форматында өткен жиында тараптар энергетиканың болашағы мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.





