Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. Саяси науқанның шешуші кезеңінде BAYTAQ партиясы да үгіт-насихат жұмысын бәсеңдеткен жоқ.
20 тамыз кешкісін жасылдар Астанада велошеру ұйымдастырды. Триатлон саябағында өткен шараға партия төрағасы бастаған белсенділер, жастар мен спортқа жақын қала тұрғындары қатысты.
Велошеру арқылы партия өкілдері спортты серік етіп, белсенді өмір салтын қалыптастырудың маңызын көрсетті. Жиынға қатысушылар велосипедпен қала аумағында жүріп өтіп, салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын білдірді.
Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, денсаулық пен спортты насихаттау – партияның басты ұстанымдарының бірі.
Партия өкілдері бұқаралық спортты дамыту экологиялық мәдениетті қалыптастырумен де үндесетінін атап өтті. Велосипед – қоршаған ортаға зияны аз көлік түрлерінің бірі. Сондықтан мұндай бастамалар тұрғындарды дене белсенділігіне шақырып қана қоймай, экологиялық таза көлік түрлеріне қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.





