Сайлауға санаулы күндер қалса да, үгіт-насихат жұмысы бәсеңдеген жоқ. «Байтақ» партиясының өкілдері тұрғындармен кездесіп, партияның қызметі, бағдарламалық мақсаты мен бастамалары жайлы ақпарат беріп жүр. Солардың бірі – партия хатшысы әрі Құрылтай сайлауына үміткер Владимир Мартель.
Ол үгіт-насихат басталғалы көптеген кәсіпорын, еңбек ұжымы, елді мекендерге барып, жасылдар идеологиясын елге жан-жақты түсіндірді. Ақпараттық материалдар таратып, бұқараның сұрақтарына жауап берді. Ұсыныс-пікірін тыңдаған.
Сайлауалды науқан аясындағы жұмысқа кандидаттың сенімді өкілдері мен еріктілер де тартылды. Олар да көпшілікпен кездесіп, жасылдар партиясының негізгі бағыттарын түсіндірген. Владимир Мартель бір ай бойы жанында жүріп, осы іске белсенді кіріскен жақтастарына алғысын айтты.






