BAYTAQ жасылдар партиясы қалалардағы ауа сапасын жақсарту үшін ескі көліктерді шектеумен қатар, тұрғындарға экологиялық таза көлікке ауысуға қолайлы жағдай жасау қажет деп санайды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған Құрылтай депутаттығына кандидат Алма Қараштың айтуынша, көлік шығарындыларын азайтуға бағытталған бірнеше шараны қатар жүзеге асыру керек.
Кандидаттың пікірінше, экологиялық саясат тұрғындарға тыйым салумен шектелмеуге тиіс. Керісінше, таза көлікті таңдау ыңғайлы әрі тиімді болуы керек. Ол мұндай тәсіл қалалардағы ауа сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті өміріне де қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.






