«Байтақ» — экологияны ғана емес, әлеуметтік түйткілді де назарға алған партия

«Байтақ» — экологияны ғана емес, әлеуметтік түйткілді де назарға алған партия

Үгіт-насихат жұмысы аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Сәуле Қамытбекова Көкшетау қаласындағы «Шанс» орталығына барды. Бұл – Ақмола облысында кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау көрсететін мекеме.

2026 ж. 9 тамыз

Орталық 24 адамға арналған. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер, балалар үйінен шыққан және өзге де қиын жағдайға түскен азаматтар уақытша тұрып, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек алады. Әйелдер орталықта алты айға дейін бола алады. Оларға тіркеуге тұруға, ал балаларына жергілікті мектепте білім алуға мүмкіндік жасалған.

Кездесу барысында орталық қызметкерлері мен көмек алып жүрген әйелдер мекеменің жұмысына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, лицензия алу талаптарының күшеюі, қаржыландырудың тұрақсыздығы және өңірлерде осындай орталықтардың жеткіліксіздігі айтылды.

Мамандардың сөзінше, басқа облыстардан көмек іздеп келетін әйелдер де бар. Алайда орталықтың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, кей жағдайда оларды бір айдан артық орналастыру мүмкін емес. Бұл қиын жағдайға тап болған азаматтарға ұзақ мерзімді қолдау көрсету жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және дағдарыс жағдайындағы азаматтарға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде пікір алмасты.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар