
Жасыл экономиканы дамыту жөніндегі хатшы
Жақсыбаева Қарлығаш
Жасыл экономиканы дамыту жөніндегі хатшы
Жақсыбаева Қарлығаш
Туған күні
01.11.1971
Отбасылық жағдайы
Үйленген, екі баланы тәрбиелеп отыр (қыз және ұл).
Ақпарат
Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, Ақмола ауыл шаруашылығы институты. Б. Керей еңбек жолын 1993 жылы Павлодар облысы Баянауыл аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің маманы болып бастады. 1997 жылдан 1999 жылға дейін Павлодар облысы Баянауыл ауданы бойынша Жер инспекциясының бастығы болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Баянауыл ауданы бойынша Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істеді. 2003 жылғы сәуірден 2004 жылғы маусымға дейін Павлодар облысы Баянауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылғы 16 маусымнан 2014 жылғы 6 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде жұмыс істеді. Министрліктерде маман лауазымынан бастап, департамент директоры лауазымына дейін көтерілді. Мемлекеттік экологиялық бақылау саласында елеулі жұмыс тәжірибесі бар. 2014 жылғы 1 қазаннан 2017 жылғы 28 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «жасыл экономика» департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграциялық процестер департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2019 жылғы 5 тамыздан 2022 жылғы 19 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 10 қазанға дейін «Қазгеология» ҰГК» АҚ Инвестициялар департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді. Жұмыс барысында Б. Керей өзін принципшіл, бастамашыл және талдау қабілеті жоғары құзыретті маман ретінде көрсетті. Оның белсенді қатысуымен министрліктердің бірқатар стратегиялық құжаттары әзірленді, атап айтқанда 2004 – 2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы, 2005 – 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі салалық бағдарламалар және Қазақстан Республикасының шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы, министрліктердің стратегиялық және жедел жоспарлары, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама және оны іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. 2023 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында жұмыс істейді және қазіргі уақытта аталған партияның орталық аппаратының басшысы қызметін атқарады.
Телефон нөмірі
+7 776 124 0805
Партияның басқа мүшелері

Әміртаев Азаматхан
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы

Туртаев Алмат Керимбаевич
Атқарушы хатшы

Бекберген Керей
Орталық аппараттың басшысы
Ташибаев Мурат Сейтжанович
Халықаралық қатынастар және парламентаризм мәселелері жөніндегі хатшы