Ташибаев Мурат Сейтжанович

Халықаралық қатынастар және парламентаризм мәселелері жөніндегі хатшы

Ташибаев Мурат Сейтжанович

+7 700 692 09 78

Мұрат Сейтжанұлы Ташибаев – қазақстандық дипломат, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл. Мәскеу қаласындағы Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін үздік бітірген. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік агротехникалық институтының экономика факультетін тәмамдап, АҚШ-та және Еуропалық комиссияда дипломатиялық даярлықтан өтті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында біліктілігін арттырды. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және Қазақстанның Бельгия, Швейцария, Франция, АҚШ және Тәжікстандағы дипломатиялық өкілдіктерінде қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының Франция, Португалия, Андорра және Монакодағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитеті департаменті директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2022–2025 жылдары Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Аппаратының (департаментінің) директоры болды. 2025 жылғы қыркүйектен бастап «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы Төрағасының кеңесшісі, кейіннен халықаралық қатынастар және парламентаризм мәселелері жөніндегі партия хатшысы қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ведомстволық және халықаралық наградаларымен марапатталған. Халықаралық қатынастар, әлемдік экономика, халықаралық қауіпсіздік және өңірлік интеграция мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Партияның басқа мүшелері

Барлық басшылық