Ерболатов Арнұр Ержанұлы

Алматы облыстық филиалының төрағасы

Ерболатов Арнұр Ержанұлы

Өмірбаяны

Арнұр Ержанұлы Ерболатов 1981 жылғы 18 наурызда Алматы облысының Кеген ауданында дүниеге келген. Жоғары білімі бар: М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Автомобиль жолдарын жобалау инженері» мамандығы бойынша және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек қызметі жылдарында мемлекеттік органдарда, инженерлік және заң салаларында жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде жұмыс істеп, құқықтық бақылау мен қадағалау мәселелерімен айналысқан. Қаржылық басқару, дағдарысқа қарсы менеджмент және дауларды сотқа дейін реттеу саласында заң кеңесшісі және кәсіби медиатор ретінде жұмыс тәжірибесі бар. 2026 жылғы қаңтардан бастап «Байтақ» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, ал 2026 жылғы мамырдан бастап филиал төрағасының міндетін атқарушы. Партияның өңірлік бөлімшесінің қызметін үйлестіреді, экологиялық бастамаларды, сондай-ақ су қауіпсіздігі мен орман өсіру саласындағы жобаларды жүзеге асырады. Стратегиялық жоспарлау, басқару және келіссөздер жүргізу саласында елеулі тәжірибесі бар.

Партияның басқа мүшелері

Барлық басшылық