Батыржан Сейдомар

төрағаның кеңесшісі

Батыржан Сейдомар

Туған күні

10 шілде 1989 жыл

Туған жері

Алматы қаласы

Отбасылық жағдайы

Үйленген, алты бала тәрбиелеп отырған әке

Өмірбаян

Батыржан Сейдомар — қоғам қайраткері, этнограф, зерттеуші, мәдени және экологиялық жобаларды ұйымдастырушы. 1989 жылғы 10 шілдеде Қазақстанда дүниеге келген. Қазақ қатынас жолдары университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған, жобаларды басқару бағыты бойынша кәсіби даярлықтан өткен. Қоғамдық қызметін студенттік кезінен бастаған. 2011 жылы «Көшпенділер Атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорын құрып, оның президенті болды. Қор тарихи-мәдени мұраны сақтау, этнотуризмді дамыту, жастар бастамаларын қолдау және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істейді. Мәдени, этнографиялық және ғылыми-зерттеу жобаларының авторы әрі ұйымдастырушысы. 2010–2023 жылдары Қазақстан мен көршілес елдерде өткен экспедицияларға қатысып, 550 мың шақырымнан астам жол жүрді. Ұлы Даланың тарихы мен мәдениетін, табиғи және тарихи-мәдени мұрасын зерттейді. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жаһандық геопарктері жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі. Табиғи мұраны сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау, геотуризмді және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелерімен айналысады. 2025 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанның Аңшылар және балықшылардың «AYALA» ұлттық палатасының Атқарушы директоры. Жануарлар дүниесін қорғау, жауапты аңшылық пен балықшылық мәдениетін қалыптастыру, табиғат инспекторларын қолдау және қоғамдық экологиялық бақылауды дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік етеді. Сонымен қатар Steppe Daddy Geographic ғылыми-танымдық жобасын басқарады. Жоба Қазақстан табиғатын зерттеуге, экологиялық және отбасылық туризмді дамытуға, елдің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған. Ғылым, мәдениет, туризм және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік, ведомстволық және халықаралық марапаттарға ие. 2026 жылғы сәуірде ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласындағы үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Партияның басқа мүшелері

Барлық басшылық