
Жамбыл облыстық филиалының төрағасы
Өмірбаев Нұрсұлтан Ермекұлы
Жамбыл облыстық филиалының төрағасы
Өмірбаев Нұрсұлтан Ермекұлы
Өмірбаян
Омірбаев Нұрсұлтан Ермекұлы 1990 жылғы 31 қаңтарда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Андреевка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары білімді. 2016 жылы «Көкше» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінде білім алып, Мұнай-газ саласындағы бизнес әкімшілендіру (MBA) магистрі академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2014 жылы «Волковгеология» АҚ-да бастаған. Кейін «Азиялық Газ Құбыры» ЖШС-де түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2020–2022 жылдары «QazaqGaz Aimaq» АҚ Орталық аппаратында бас менеджер қызметін атқарды. 2021–2023 жылдары «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалында өндірістік бөлім бастығының орынбасары болды. 2023–2024 жылдары «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалында Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының орынбасары қызметін атқаруда. 2026 жылдың сәуір айынан бастап «BAYTAQ» жасылдар партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарады. Сонымен қатар партияның Саяси кеңесі мен Бюросының мүшесі болып табылады. Өңірде партияның стратегиялық мақсаттарын іске асыруға, экологиялық саясатты ілгерілетуге, жасыл экономиканы дамытуға, қоғамдық бақылауды күшейтуге және «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға белсенді үлес қосып келеді. Отбасылы. Үш бала тәрбиелеп отыр: екі қызы және бір ұлы бар.
Партияның басқа мүшелері

Әміртаев Азаматхан
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы

Туртаев Алмат Керимбаевич
Атқарушы хатшы

Бекберген Керей
Орталық аппараттың басшысы
Ташибаев Мурат Сейтжанович
Халықаралық қатынастар және парламентаризм мәселелері жөніндегі хатшы