Кисиков Владислав Мухаметович

Ұлытау облыстық филиалының төрағасы

Кисиков Владислав Мухаметович

+7 776 974 8735

Кисиков Владислав Мұхаметұлы жоғары білімді инженер. 2006 жылы Ақтөбе қаласындағы «Дүние» университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы бастап, мұнай-газ саласында 18 жылдан астам тәжірибе жинақтады. Әр жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Астаналық Энергия Сату Компаниясы» ЖШС, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Астана, Жамбыл және Шымкент өндірістік филиалдарында жауапты қызметтер атқарды. Бас маманнан бастап бас инженер, директордың бірінші орынбасары және өндірістік филиал басшысы деңгейіне дейінгі еңбек жолынан өтті. 2025 жылғы 17 қарашадан бастап «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры қызметін атқарады. 2026 жылғы 20 мамырдан бері Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы.

Партияның басқа мүшелері

Барлық басшылық