
Қазитов Сейфул-Малик Туреханович
Қазитов Сейфул-Малик Туреханович
Туған күні
14 маусым 1977 жыл
Туған жері
Жезді кенті, Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы.
Отбасылық жағдайы
Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Өмірбаяны
Қазитов Сейфул-Малик Туреханович 1977 жылғы 14 маусымда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінде дүниеге келген. Білімі бойынша инженер-эколог, менеджмент бакалавры және заң ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын мемлекеттік экологиялық инспекция жүйесінде бастаған, қоршаған ортаны қорғау саласында көпжылдық тәжірибесі бар. 2011 жылдан бастап табиғатты қорғау жобалауымен, экологиялық нормалаумен және экологиялық қызметтер көрсетумен айналысатын «ҚазЭкоЗаң» ЖШС директоры. 2023 жылдан бастап — Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» Қарағанды облыстық филиалының төрағасы. Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты болған. Экология саласындағы кәсіби қызметі үшін Қарағанды қаласы әкімі мен Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.
Партияның басқа мүшелері

Әміртаев Азаматхан
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы

Туртаев Алмат Керимбаевич
Атқарушы хатшы

Бекберген Керей
Орталық аппараттың басшысы
Ташибаев Мурат Сейтжанович
Халықаралық қатынастар және парламентаризм мәселелері жөніндегі хатшы