
Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы
Байтемиров Турсынбек Шерниязович
Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы
Байтемиров Турсынбек Шерниязович
Өмірбаяны
Байтеміров Тұрсынбек Шерниязұлы 1967 жылы 1 мамырда Батыс Қазақстан облысы (бұрынғы Орал облысы), Фурманов ауданында дүниеге келген. 1984 жылы мектепті бітіріп, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқу барысында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Әзербайжанның Кировабад қаласында әуе-десант әскерінде қызмет атқарды. Батальонның комсомол ұйымының хатшысы болды, аға сержант әскери атағын алды және Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарға қатысты. 1991 жылы институтты инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1991 жылы Орал механикалық зауытында бастап, кейін Орал қаласы әкімдігі аппаратында, жеке секторда және бірқатар өндірістік кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарды. 2009–2019 жылдары жанар-жағармай материалдарының көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын кәсіпорынды басқарды. 2019–2025 жылдары «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-да маркетинг және өткізу бағыты бойынша басшылық қызметтер атқарып, кәсіподақ ұйымының төрағасы болды. Осы кезеңде «Қазақстанның құрметті машина жасаушысы» атағымен марапатталды. 2025 жылдың маусымынан бастап «БатысСуШар» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарады. Кәсіпорын Батыс Қазақстан облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту бағытында жұмыс жүргізеді.
Партияның басқа мүшелері

Әміртаев Азаматхан
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы

Туртаев Алмат Керимбаевич
Атқарушы хатшы

Бекберген Керей
Орталық аппараттың басшысы
Ташибаев Мурат Сейтжанович
Халықаралық қатынастар және парламентаризм мәселелері жөніндегі хатшы