Азаматхан Әміртаев

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы

Әміртаев Азаматхан

Туған күні

21.03.1978 жыл

Туған жері

Қазақ КСР, Жамбыл облысы

Отбасылық жағдайы

Үйленген, төрт ұл-қыздың әкесі

Тілдерді білуі

ана тілі-қазақ тілі, орыс, ағылшын тілдері

Білімі:

  • О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты (РСФМШИ) Алматы қаласы, (1991-1995жж)
  • Алматы Энергетика және байланыс институтының есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету факультетін үздік дипломмен аяқтаған (1995-2000жж)
  • Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Жергілікті мемлекеттік басқару» факультетін үздік дипломмен тәмамдаған (2004-2005жж)
  • Мәскеу басқару мектебі «Сколково», Executive MBA, Мәскеу қаласы (2015-2016жж)

Қосымша білімі:

  • Лондон қаласындағы «Bellerbys» колледжі (2008-2009жж)
  • «KapIan Aspec» ағылшын тілін үйрену мектебі, Сан-Франциско қаласы (2009ж)
  • «Харизматичный оратор» шешендік өнер курсы, Мәскеу қаласы.(2011ж)
  • «Келісім жасау шеберлігі» оқу курсы, Мәскеу қаласы, (2012ж)
  • Брайан Трэйсидің адамның мүмкіндіктерін дамыту және табысты кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша бизнес-тренинг курстарына қатысқан. Алматы қаласы.(2014ж)

Еңбек жолы :

  • Ақпараттық жүйе және технология саласында жеке кәсіпкерлікпен шұғылданды. (1995-1998жж)
  • Пейджингтік фирманың Алматы филиалының директоры. (1999-2000жж)
  • «Kaznewtech» ЖШС директоры. (2001-2005жж)
  • «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ бірінші вице-президентінің ақпараттандыру ісі жөніндегі кеңесшісі. (2005-2006жж)
  • «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ президентінің ақпараттандыру ісі жөніндегі кеңесшісі.(2007-2009жж)
  • «Қазақстан софтерлік компаниялар ассоциациясы»ОЮЛ президенті (2004-2008жж)
  • «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, (2005-2008жж)
  • «Қазақстан софтерлік компаниялар ассоциациясы» ОЮЛ президенті (2008-2014жж)
  • «Альянс инвесторов» ҚБ президенті (тікелей инвестиция тарту қоры). (2014-2016жж)
  • Республикалық «Байтақ Болашақ» экологиялық қозғалысы» ҚБ төрағасы. (2016 жылдан күні бүгінге дейін)
  • ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. (17.07.2019- 03.2020жж)
  • «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. (2020-2021жж)
  • ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі. (2022 жылдан бастап)

Басқа да қызметтері:

  • Бірыңғай электронды құжат алмасу (ЕСЭДО), ҚР мемлекеттік мекемелерінің кеңсеаралық құжат алмасу жүйесі мен мемлекеттік мекемелерде (ЕСЭДО) енгізу және техникалық тапсырманы құрастыру тобының жетекшісі.(2001-2005жж)
  • «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ қарасты бөлімшелер мен мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмысшы тобының төрағасы.(2005-2006жж)
  • «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ тексеру-сараптама комиссиясының мүшесі.(2007-2008жж)
  • ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа технологиялар комитетінің мүшесі.(2014-2013жж)
  • Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің мүшесі. (2014-2016жж)
  • Алматы энергетика және байланыс университетінің директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі. (2017ж)
  • «СКОЛКОВО» мемлекеттік басқару  мектебінің тәуелсіз директорлар клубының мүшесі. (2020 жылдан бері)   Марапаттары:

Марапаттары:

«Халық  сүйіктісі-2014»Ұлттық премиясының «Жыл меценаты-2014» номинациясы иегері. (2014ж)   Мемлекеттік марапаттары:

Мемлекеттік марапаттары:

«Шапағат» медалі. (2020 жыл)

Партияның басқа мүшелері

Барлық басшылық