Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына орай жасылдар партиясы «Байтақ» энергетика реформасы мен атом станциясын салу мәселелерін жан-жақты зерделеу және адамдарға кеңінен түсіндіру үшін ғалымдар мен сарапшыларды біріктіруді бастамалайды.
Қазақстандық жасылдар партиясы «Байтақ» базасында атом энергетикасының экологиялық және экономикалық құрамдас бөліктері бойынша жұртшылыққа түсіндірудің жоспарын терең талдау және бірлесіп әзірлеу алаңы ашылады. «Байтақ» командасы АҚШ, Қытай, Франция, Жапония, Корея және Ресейдегі технологияларды қолдану жөніндегі халықаралық білімді пайдалана отырып, әртүрлі нұсқалардың экологиялық және экономикалық перспективаларын зерттейді. Партия сарапшылары халық арасында және БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Төменде онлайн медиа материалдары сілтемелер бойынша, сондай-ақ телеарналар мен блогерлердің сюжеттерінен YouTube роликтері берілген.



