Партияның III съезін шақыру туралы Партия төрағасының ҚАУЛЫСЫ

Шілде 17, 2023

Партияның III съезін шақыру туралы Партия төрағасының ҚАУЛЫСЫ:

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ-нің (бұдан әрі – Партия) Жарғысының 8.3.1 тармақшасы 1-тармағына сәйкес:

  1. Партияның кезекті III съезін шақыру;
  2. Мына сұрақтар бойынша съездің күн тәртібіндегі мәселелерді анықтау:
  • Партиялық бақылау комитеті төрағасының есебін тыңдау;
  • Орталық бақылау-тексеру комиссия төрағасы міндетін атқарушысының есебін тыңдау;
  • Партия Саяси кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді сайлау;
  • Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамын және оның төрағасын қайта сайлау;
  • Партия Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  • Партияның рәміздеріндегі өзгерістерді қабылдау, нақты айтқанда, партияның төсбелгісі мен символикаларын қайта бекіту;
  • «Партияға жаңа мүшелер тарту» мәселесі бойынша ережемен танысу;
  • «Мүшелік жарналарды төлеу» мәселесі бойынша баяндаманы тыңдау;
  1. Съезд өткізілетін жерді анықтау:
    Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 33 үй, конференц-зал, 22 шілде 2023 жыл, сағат 14:00