«Байтақ» партиясы өз бағдарламасына барлық өңірлерден келген азаматтардың талап-тілектерін зерделеп енгізді

Наурыз 17, 2023

17 наурызда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының орталық кеңсесінде баспасөз конференциясы өтті. Онда еліміздің барлық өңірлерінен келген сайлаушылардың мұң-мұқтажы айтылып, талқыланды.

Партия кандидаттары бүкіл үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыcтардың нәтижелерін талқылады.Үміткерлердің әрқайсысы қоғамдық орындарда жүзбе-жүз өткен кездесулер кезінде халық тарапынан айтылған ұсыныстарды жеткізді. Сондай-ақ, пікірталастарда айтылған қарсыластардың сындарлы ұсыныстары да ескерілді.
«Жас саяси институт ретінде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы өңірлердегі көптеген кездесулер барысында азаматтардан алынған барлық ұсыныстарды мұқият зерделейді. Халықпен кездесулердің нәтижесінде біз өз жақтастарымыз бен ойы ортақ, пікірлес адамдардың 500-ден астам ұсыныстарын өңдедік. Олардың қатарында: үлкен қалалардың өнеркәсіптік қалдықтардан ластануы, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында газдың шамадан тыс жоғары деңгейі, барлық өңірлерде сапалы ауыз судың тапшылығы, Атырау облысының Доссор кентінде мұнай өндірілгеннен кейін олардың орнында зиянды өлі көлдің пайда болуы салдарынан бос орындардың түзілуі, қоқыс өңдейтін зауыттардың тапшылығы, ретсіз салынған тығыз құрылыс нысандары және тағы басқа өзекті мәселелер назарға алынды», – деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев.
Сондай-ақ, Азаматхан Амиртаев Астана тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелерді де атап өтті.
– Ең маңызды мәселелердің бірі – көгалдандыру, қаланың шет аудандарында жарықтың жиі өшуі, кәрізге қосылу, нүктелік құрылыстың арқасында құбырлардың көбеюі, аулалардың, балалар алаңдарының мәселесі алаңдатады. Тағы бір алаңдатын жайт ол – үйлердің орталық жылытуға қосылмауы. Бұл жылу ақысына айтарлықтай әсер етеді. Қоқысты шығару, өңдеу, жеке тұрғын үйлері бар көптеген аудандарда газ байланысының жоқтығы, Есіл өзенінің ластануы өзекті мәселелердің қатарында. Талдыкөл экопаркінің құрылысын жеделдету қажет. Қазір біздің араласуымыздың арқасында 5 млрд теңге бөлінді. Бұл мәселелерді шешу біздің қолымыздан келеді.
Мәжіліс депутаттығына Кандидат Айнұр Сәбитова Алматыда газға қосылуға қатысты үлкен мәселе бар екенін атап өтті. Көшелерде құрылыс үшін ағаштарды кесу де тұрғындарды қынжылтады. Партия осы жағдайларды қатаң бақылауға алып, ол үшін жазаны күшейтудің жолын қарастыру үстінде.
Мәжіліс депутаттығына Кандидат Жанат Самат Маңғыстау облысында Каспидің таязданып бара жатқандығын айтты. Сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластануына қатаң мониторинг жүргізу қажет екенін жеткізді.
Мәжіліс депутаттығына Кандидат Сапар Әбдірахметов те Шу мен Талас өзендерінің таяздануы мәселесін көтерді. Жамбыл облысындағы тағы бір қиын жағдай ол ағынды сулар үшін арнайы арналар, құбырлар қарастырылмаған.

  • Сүзу алаңдары толды, Шу қаласындағы жағдай өте ауыр, – деді Сапар Әбдірахметов. – Бүкіл ел бойынша ағынды сулардың ағуын бақылау қажет.
    Келіп түскен ұсыныстар мұқият зерттеліп, партияның алдағы іс-қимыл жоспарына қосылды. Әрі қарай, партия оларды жүзеге асыру үшін, партияның келесі съезіне шығаруды жоспарлап отыр.
    Өңірлік үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар (156 адам), сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар (20 адам) белсенді қатысты. Олардың арасында барлық өңірлер өзара кеңесе отырып бөлінді. Өткізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде, ел бойынша партиялықтар барлығы 3500-ден астам іс-шара және 550 000 адамды қамтитын 15000-нан астам кездесу өткізді. Олардың 4000-ға жуығы «Байтақ» жасылдар партиясына мүшелікке кіруге ниет білдірді.