Астанада «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті III съезі өтті

Шілде 22, 2023

2023 жылдың 22 шілдесінде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті III съезі өтті. Съезге барлық аймақтық филиалдардан 200-ден астам адам қатысты.

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз сөзінде жұмыс нәтижелері, халықаралық ынтымақтастық туралы баяндап, партия мүшелерін арттыру және мемлекет басшысы мәлімдеген барлық алдағы сайлауға қатысу жоспарларының векторын белгіледі.

Партия делегаттары Партиялық бақылау комитеті төрағасының есебін және Орталық бақылау-тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушының есебін тыңдады. Әдеп кодексін қабылдады.

Съезд барысында партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамы қайта сайланды. Жарғыға өзгерістер қабылданды. Экология және энергетика саласындағы реформалардың тұжырымдамаларын талқыладық, цифрлық партия үлгісін ұсындық.

Партияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелерден кейін аймақтардан келген делегаттар өз өңірлеріндегі қоғам назарын аударып отырған экологиялық және әлеуметтік мәселелерді талқылады.