ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ

ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ»

November 11, 2026

ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ»

ҚР Президентінің елде ауқымды халықтық құрылыс жүргізу және осы мақсаттарға Ұлттық қор қаражатын пайдалану жөніндегі Мемлекеттік комиссия құру бастамасын қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, экологтар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қаржыландырудың ашықтығы мен қаражаттың жұмсалуын бақылау, құрылыс нысандарының мерзімі мен сапасы, өңірлердің қажеттіліктерін ескеру, экологиялық талаптарды сақтау және отандық өндірушілердің қатысуы мәселелері сөз болды.

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев ауқымды құрылыс бағдарламасы бүкіл қоғамның мүддесіне әсер ететіндіктен, ұлттық ресурстарды пайдалану, инфрақұрылым сапасы мен экологиялық салдары азаматтық қоғамның да назарында болуы қажет деп есептейді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер мен ұсыныстар қамтылған қарар қабылданды. Құжатты Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне және мүдделі мемлекеттік органдарға жолдау жоспарланды.

«Байтақ» партиясы қоғамдық бақылауды күшейту, ашықтықты қамтамасыз ету және ел болашағына бағытталған инвестициялардың тиімді жұмсалуына қоғамның қатысуын арттыру маңызды деп санайды.