Партияның III съезін шақыру туралы Партия төрағасының ҚАУЛЫСЫ:
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ-нің (бұдан әрі – Партия) Жарғысының 8.3.1 тармақшасы 1-тармағына сәйкес:
- Партияның кезекті III съезін шақыру;
- Мына сұрақтар бойынша съездің күн тәртібіндегі мәселелерді анықтау:
- Партиялық бақылау комитеті төрағасының есебін тыңдау;
- Орталық бақылау-тексеру комиссия төрағасы міндетін атқарушысының есебін тыңдау;
- Партия Саяси кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді сайлау;
- Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамын және оның төрағасын қайта сайлау;
- Партия Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
- Партияның рәміздеріндегі өзгерістерді қабылдау, нақты айтқанда, партияның төсбелгісі мен символикаларын қайта бекіту;
- «Партияға жаңа мүшелер тарту» мәселесі бойынша ережемен танысу;
- «Мүшелік жарналарды төлеу» мәселесі бойынша баяндаманы тыңдау;
- Съезд өткізілетін жерді анықтау:
Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 33 үй, конференц-зал, 22 шілде 2023 жыл, сағат 14:00