«Әділетті Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы Мемлекет басшысының Жолдауын кеңінен насихаттауға және оны қоғам арасында ілгерілетуге үлес қосқан әртүрлі сала өкілдерін марапаттады.
Салтанатты марапаттау рәсіміне “Байтақ” Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев арнайы шақырылды.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Мағжан Садықановқа партияның дамуына, оның жетістіктері мен табыстарына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгі табысталды.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!



