«Ziyatker Jas» білім сайысының жеңімпаздары анықталды

Тамыз 11, 2023

«Байтақ» жасылдар партиясының демеушілігімен Қызылорда қаласында өткен «Ziyatker Jas» атты облыстық ауыл жастары арасындағы білім сайысы қорытындыланды.

Жарыс Халықаралық жастар күніне орай, Қызылорда облысының ауыл жастары арасында ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыс Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының акт залында өтті.

Жаһандану заманында бәсекелестік бәйгесінен қалмайтын ұшқыр ойлы интеллектуалды ұлт пен ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен интеллектуалдық сайысқа 9 команда қатысты. Әр командада 4 адамнан болды. Жастар Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынан келді.

Тартысты өткен білім сайысының нәтижесінде Шиелі ауданының жастары жүлделі І орынға ие болды. Ал ІІ және ІІІ орынды Жалағаш ауданының жастары алды.

Арнайы партия төрағасының атынан “Эрудит” номинациясы да болды. Қоршаған орта тақырыбының үздігі жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың атынан арнайы диплом және алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.