«SHOWDOWN» үстел теннисінен қалалық ашық чемпионат өтті

Шілде 17, 2023

Астананың 25 жылдық мерейтойына орай, «Байтақ» жасылдар партиясының демеушілігімен «Showdown» үстел теннисі өтті. Жарыста 18 спортшы бақ сынады.

Көз жанары бойынша мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен сайысқа «Каспий» спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Абдықадырұлы, Балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Хамидин Нуридинұлы, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай, Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы Тамерлан Дархан, «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты.

Тартысты бәсекенің қорытындысында:

I орын – Гүлмира Жетпісбаева;
II орын – Нұрлан Жетпісбаев;
III орын – Сексенбай Есілбаевқа бұйырды.

Үстел теннисінен жеңімпаз атанғандарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталып, кубок және дипломмен марапатталды.