«Baytaq» партиясының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы қайта сайланды

Шілде 3, 2023

Құрметті «Baytaq» жасылдар партиясының мүшелері! 1 шілдеде Алматы қаласы бойынша «Baytaq» жасылдар партиясы филиалының төрағасын қайта сайлау мәселесі талқыланды. Нәтижесінде партиямыздың Алматы қаласындағы филиалына Асқар Иманалиев төраға болып сайланды.

Оның бұл қызметке келуі – партиямыздың алға қойған мақсаттарын ілгерілетуге, Алматыда және бүкіл елімізде «жасыл қозғалыстың» дамуына септігін тигізеді деп сенеміз. Асқар Иманалиев жасыл қозғалыс идеяларын егжей-тегжейлі білетін, бұл салада терең білімі мен тәжірибесі бар азамат.

Оның басшылығымен Алматыдағы филиалымыз қарқынды түрде дамиды деген сеніміміз бар.

«Жасыл болашағымыз» үшін бірлесіп жұмыс істей берейік!