Құрметті «Baytaq» жасылдар партиясының мүшелері! 1 шілдеде Алматы қаласы бойынша «Baytaq» жасылдар партиясы филиалының төрағасын қайта сайлау мәселесі талқыланды. Нәтижесінде партиямыздың Алматы қаласындағы филиалына Асқар Иманалиев төраға болып сайланды.
Оның бұл қызметке келуі – партиямыздың алға қойған мақсаттарын ілгерілетуге, Алматыда және бүкіл елімізде «жасыл қозғалыстың» дамуына септігін тигізеді деп сенеміз. Асқар Иманалиев жасыл қозғалыс идеяларын егжей-тегжейлі білетін, бұл салада терең білімі мен тәжірибесі бар азамат.
Оның басшылығымен Алматыдағы филиалымыз қарқынды түрде дамиды деген сеніміміз бар.
«Жасыл болашағымыз» үшін бірлесіп жұмыс істей берейік!