Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының 2 жылдығына орай және “ARAL — 2024” саммитіне қатысу үшін Ресей Федерациясының делегациясы келді

Делегация құрамында Ресейдің экологиялық “Зелёные” партиясының тең төрағасы Александра Кудзагова мен экологиялық партияның федеральді кеңесінің мүшесі Игорь Алабужин бар. Көрші елден келген қонақтарды BAYTAQ партия төрағасының экологиялық мәселелер бойынша кеңесшісі, Жасыл саясат департаментінің басшысы Азамат Аяйбергенов күтіп алды.
BAYTAQ партиясының ұйымдастыруымен өтетін “ARAL — 2024” І саммитіне қатысу үшін Моңғолия Халықтық Республикасынан да делегация келді

Бүгін кешке «Азаматтық ерік» («Гражданская воля») Жасылдар партиясы төрағасының орынбасары Бат-Эрдэнэ Тогооч бастаған азаматтар Түркістанға табан тіреді.
Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының 2 жылдығына орай Түркістан қаласында өтетін «ARAL — 2024» саммитіне Қырғызстан елінен мәртебелі меймандар келді

Қырғызстанның жасылдар партиясының төрағасы Эркин Булекбаев, оның орынбасары Гульхан Борубаева, сонымен қатар, жасылдар партиясының Бішкек пен Жалалабад филиалдарының төрағалары Сагира Сыздыкова мен Феруза Ниязова және партияның ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейсенкул Джамбаев. Қырғызстанның жасылдар партиясының өкілдерін BAYTAQ партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев қарсы алды.
Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының 2 жылдығына орай 29 қарашада Түркістан қаласында өтетін «ARAL — 2024» I саммитінің қонақтары келіп жатыр

Бүгін Өзбекстан Экологиялық партиясы Орталық Кеңесі атқару комитетінің басшылары Комилжон Жураев, Камолжон Хурсанов, Хусанбой Дадабоев табан тіреді.Өзбекстандық делегацияны BAYTAQ партиясы төрағасының кеңесшісі, Жасыл саясат департаментінің басшысы Азамат Аяйбергенов күтіп алды.