20 желтоқсанда «Байтақ» жасылдар партиясы AIDA атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығымен және «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірге өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – атом энергиясын дамыту, ынтымақтастықты нығайту, инновациялар, экологиялық жауапкершілік пен озық технологияларды енгізу саласындағы бастамаларды ілгерілету. Бұл құжат тараптардың ортақ қызығушылық тудыратын мәселелері бойынша кәсіби тәжірибе алмасуы мен консалтингті қарастырады. Басқосуда сөз сөйлеген «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев елдегі тұрақты энергетика мен экологиялық технологияларды белсенді түрде дамыту, қолдау партияның басты мақсаттарының бірі […]
«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Шымкент қаласындағы іссапарын қорытынды жиынмен аяқтады!

Шымкент қаласына іссапарының соңында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевтың қатысуымен қорытынды жиын өтті. Жиынға Шымкент қалалық филиалының жаңа төрағасы Ордабеков Алтай Еркебекұлы, филиалдың саяси кеңес мүшелері, бюро мүшелері және партия белсенділері қатысты. Қорытынды жиында партия төрағасы өңірдің экологиялық мәселелерін талқылап, филиалдың 2025 жылға арналған нақты жоспарларын бекітті. Сонымен қатар, алдағы басымдықтар мен жасыл экономикаға […]
«Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалына жаңа төраға сайланып, жаңа офисінің есігі ашылды!

24 қаңтар күні өткен «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалының кезекті IV конференциясы аясында филиалдың жаңа төрағасы болып Ордабеков Алтай Еркебекұлы сайланды. Жаңа төраға партияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, экология саласындағы бастамаларды белсенді түрде қолдап, дамытуға уәде берді. Сонымен қатар, партияның Шымкент қаласындағы жаңа кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл кеңсе экологиялық мәселелерді талқылап, тұрғындардың […]
Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті ІV конференциясы өтті

24 қаңтар күні Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қаласы филиалының кезекті ІV конференциясы сәтті өтті. Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен экология саласындағы сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында партия төрағасы Азаматхан Амиртаев партияның стратегиялық бағыттары туралы баяндама жасап, экологиялық мәселелерді шешу, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу […]
«Байтақ» жасылдар партия төрағасы Азаматхан Амиртаевтың іссапары ақсақалдармен кездесуден басталды!

23 қаңтар күні Шымкент қаласына іссапармен келген «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев өңірдің беделді ақсақалдарымен кездесіп, партияның стратегиялық мақсаттары мен экологиялық бастамаларымен таныстырды. Ақсақалдар табиғатты сақтау жолында «Байтақ» партиясы бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, өз баталарын берді. Сонымен қатар, олар экология мәселесіне қоғамды жұмылдырудың маңыздылығын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Бұл кездесу партияның халықпен тығыз байланысын […]
«Байтақ» жасылдар партиясы төрағасы Азаматхан Амиртаев Шымкент қаласындағы іссапарын бастады!

23 қаңтар күні «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевты Шымкент әуежайында партия филиалының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Іссапар партияның Шымкент қаласындағы филиалдың күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Алдағы күндері партия төрағасы жергілікті қоғамдастықпен, белсенділермен және экологтармен кездесулер өткізіп, өңірдің экологиялық проблемалары мен оларды шешу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік бюджетке қосымша 2 трлн теңге түсіруге мүмкіндік бар

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев өткен жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай аясында бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Солардың ішінде Экологиялық кодекске қатысты мәселе ерекше назарға алынды. Ол ауаға тасталатын зиянды қалдықтарға салынатын төлемдер түсімін тиімді реттеу қажеттігін мәлімдеді. Өз сөзінде Азаматхан Амиртаев бұл бастама мемлекеттік бюджетке қосымша 2 трлн теңге түсіруге мүмкіндік беретінін атап […]
Ерәділ Үббиниязов — «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды.

Ерәділ Жиенбайұлы — 1982 жылы туған. Бокстан спорт шебері. Судья Н.К. Халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы AIBA 2 жұлдыз. Әйелдер боксынан Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы. Ақтөбе облысы мен еліміздің басқа да аймақтарындағы халықтың әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсене араласып, оны жақсарту үшін бірқатар жұмыстар атқарған. Еңбегі еленіп, — ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың алғыс хатымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 […]
«ARAL — 2024» жасылдар партияларының I саммиті
