«Таза Like» жобасы – қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды дұрыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ерекше экологиялық қозғалыс

Бүгін №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде алғашқы экобокстар орнатылып, балалар қоқысты қайта өңдеудің маңыздылығын тәжірибе жүзінде үйрене бастады. Бұл – таза болашаққа жасалған нақты қадам! Оқушылар қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйрену арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ерте жастан қалыптастырады. «Байтақ» партиясы қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға бағытталған осындай бастамаларды әрдайым қолдайды. Біздің мақсатымыз – таза […]

Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен AIFC Жасыл Қаржы Орталығы арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында жасыл экономиканы дамыту, экологиялық таза өндірістерді өркендету және тұрақты даму қағидаттарын іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық жүйелі жобаларын талқылап, оларды қаржыландыру мәселесі қарастырылды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық жобаларды қаржыландырудың тиімді механизмдері, соның ішінде инвестициялық қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және халықаралық экологиялық қорлармен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесу Қазақстанда экологиялық тұрақтылықты […]

Тасимов Қайрат «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасының жасыл экономиканы дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Ол экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жасыл қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау саласында маңызды бастамаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.

Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен AIFC Жасыл Қаржы Орталығы арасында кездесу өтті

Кездесу барысында жасыл экономиканы дамыту, экологиялық таза өндірістерді өркендету және тұрақты даму қағидаттарын іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық жүйелі жобаларын талқылап, оларды қаржыландыру мәселесі қарастырылды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық жобаларды қаржыландырудың тиімді механизмдері, соның ішінде инвестициялық қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және халықаралық экологиялық қорлармен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесу Қазақстанда экологиялық тұрақтылықты […]

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облысы филиалының Төрағасы Бақытжан Шәмілұлы партия Төрағасы Азаматхан Сайлауұлын Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облысы филиалының Төрағасы Бақытжан Шәмілұлы партия Төрағасы Азаматхан Сайлауұлын Наурыз мерекесімен құттықтады Қазақстанда әрбір ұлт пен ұлыстың төл мерекесіне айналған Наурыз – жаңару мен ізгілік символы. Осы орайда, «Байтақ» жасылдар партиясы да өзінің әріптестері мен мүшелерін ұмытпай, жыл сайын бұл мерекені ерекше ықыласпен атап өтеді. Биыл Наурыз мерекесі қарсаңында партия […]

Қазақстандық «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев делегациясымен бірге Моңғолияға жұмыс сапарымен барды

«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Моңғолияға барды. Бұл сапар Моңғолияның Жасылдар партиясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кездесулер мен іс-шараларға қатысу мақсатында жүзеге асырылуда. Ұлан-Батор халықаралық әуежайында «Байтақ» партиясының делегациясын Моңғолия Жасылдар партиясы төрағасының орынбасары мен партия басшылығы ресми түрде қарсы алды. «Байтақ» партиясы қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және […]

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев бастаған делегация Моңғолиядағы жұмыс сапарын жалғастыруда.

Сапар аясында делегация Жасылдар Партиясының төрағасы Батын Батбаатармен, партия төрағасының орынбасарлары Батбаатар С. және Дежидмаа Д. және басқа да басшылармен кездесті. Кездесу барысында тараптар экология, жасыл экономика және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қазақстандық делегация Моңғолияның тарихи-мәдени мұрасымен танысу мақсатында Богд Хаан мұражайын аралады. […]

Қазақстан мен Моңғолия жасыл партиялары экологиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Моңғолияның Қоршаған орта және климат өзгерісі министрлігінде қазақстандық делегациямен ресми кездесу өтті. Министрліктің жауапты хатшысы Э. Баттулга және басқарма басшысы Д. Дэлгэрбат «Байтақ» жасылдар партиясының өкілі Орал Даутты және ИЗНН-нің (Моңғолияның Азаматтық Жасылдар партиясы) халықаралық байланыстар жөніндегі төраға орынбасары Д. Дэжидмааны қабылдады. Кездесуде екі елдің экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, халықаралық деңгейде өзара қолдау көрсету және […]