Партия туралы

Басты - Партия туралы

Біз «Таза ауа, Таза су, Таза жер – Таза адами қарым-қатынас!» ұранын ұстанамыз. Қазақстан халқына, табиғатына келтірілген шығынның өтелуін талап етеміз. Ел байлығы халықтың байлығы деп білеміз.


Осы бағыт бойынша, флора мен фаунаны қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау, табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың жаһандық қағидаттарын енгізу бойынша, алдымызға мақсат қоямыз. Біз таза экологиялық инновациялық технологияларды енгізуді, қоршаған ортаны қорғау саласын цифрландыруды және бала кезінен экологиялық сананы тәрбиелеуді қолдаймыз.


Біз жасылдар партиясы – табиғат пен адамдар үйлесімді өмір сүре алатын орнықты және салауатты қоғам құруға ұмтыламыз.


Алдымызда тұрған міндеттер, шешуші әрекетті қажет ететінін көріп отырмыз. Сондықтан да біздің партия, еліміздің алдында тұрған экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық белсенді түрін іздестіруде және енгізуде. Біз тұрақты дамуды, табиғи ресурстарды сапалы басқаруды және болашақ ұрпақ үшін, экологиялық таза ортаны құруды ұстанамыз.


Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясы президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатына сүйене отырып, билік жүргізіп жатқан реформаларды толықтырады.


«Байтақ» жасылдар партиясының мақсаты – азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқаты, қоршаған ортаны және биоәртүрлілікті қорғау, экономиканың барлық салаларын реформалау.


Партия ұжымы қызмет еткен бір жыл ішінде, аталған бағыттар бойынша жүзден астам іс-шара өткізді. Бүгінде партияның 42 мыңнан астам мүшесі, 20 филиалы, 25 мәслихат депутаты бар. Өткен сайлауда бізді 140 мыңнан астам сайлаушы қолдаса, экзит-полл бойынша 200 мыңнан астам.


Біздің ұжым өзінің халықаралық және сарапшылық тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырады.


Бүгінгі біздің жобаларымыз:


1. Партиялық жұмыстың және мүшелермен де, жұртшылықпен де өзара іс-қимылдың барлық функциялары бір функцияда біріктірілетін цифрлық партиялық модель әзірленуде.


2. Барлық облыстарға дронды енгізу жобасы, әсіресе, дрондарды енгізу жобасы барлық салаларға, әсіресе ҚР ТЖМ және ҚР ЭТРМ-де өрт сөндіру үшін мониторингтік жобалар үшін бейімделеді. 

3. Су дипломатиясы институтын құру тұжырымдамасының жобасы әзірленуде. Сарапшылар қауымдастығы бұл идеяны 2023 жылы 17- тамызда, Партия ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелде қолдады. Сондай-ақ, біз тығыз жұмыс істейтін Су және ирригация Министрлігін құру туралы бастама көтерілді,  біз онымен тығыз қарым-қатынастамыз.

4. «Байтақ» партиясының Жасыл саясат Департаменті тұрақты негізде экологиялық жобаларға сараптама мен экологиялық аудит жүргізеді. Сәйкессіздіктер анықталған кезде біз сотқа жүгінеміз. «Байтақ» партиясы «АрселорМиттал Теміртау» ҚД АҚ тарапынан заң бұзушылықтарды бірнеше рет атап өтті және тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарына, атмосфералық ауаның ластануына залал келтіргендігі үшін, миллиардтаған сомада айып-пұлдарды талап етті.

5. «Байтақ» партиясы энергетика реформасын, оның ішінде атом аспектісін жан-жақты зерделеу және адамдарға түсіндіру үшін ғалымдар мен сарапшылардың бірігуіне бастамашы болды.

6. Қазақстанның энергетика жүйесі ескірген жылу электр станцияларымен (ЖЭО) байланысты елеулі сын-қатерлерге тап болады. Бұл мәселелер саланың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін шұғыл және тиімді шешімдерді қажет етеді. ЖЭО-ның көпшілігі Кеңес Одағы кезінде салынған және ұзақ уақыт бойы пайдалану мерзімінен асып кеткен. Ескірген техника тиімсіз жұмыс пен төмен өнімділікке әкеледі. Бұл энергияны жоғалтуға және отын шығынын арттыруға әкеледі. Ол сондай-ақ қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсер етіп, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын арттырады.


7. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық жасылдар партияларымен халықаралық байланыстар алдағы жоспарға қойылған. Осы ынтымақтастық шеңберінде, экологиялық мәселелерді шешудің бірлескен жол карталары әзірленуде. Маңызды жобалардың қатарында Арал мен Каспий мәселесін шешу де бар. Партия БАЭ-де өткен CОР 28 климаттық конференциясына қатысты. 


8. «Байтақ» партиясы биоалуантүрлілік және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тереңірек зерттеу үшін, партияға ғалымдар     кеңесін құруды ұсынды.


9. Салауатты өмір салтын ұстану бойынша бірнеше жобалар жүргізілді: тұрақты спорттық іс-шара Baytaq Run Fest, әр өңір бойынша көптеген ағаш отырғызу, сенбіліктер, саябақтар мен скверлерді қорғау (Тізбекті саябақ, Грин Урбан, Қалалық романс және т.б.).


10. Климаттың өзгеруі жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында, әлем жастарының әлеуетін пайдалануды және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының немесе басқа ұйымдардың базасында климаттың өзгеруіне төтеп беру жөніндегі халықаралық жастар ұйымын құруды жоспарлап отырмыз. Оның жұмысының нәтижесі климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі идеологияны ілгерілету, сондай-ақ жасыл әлем үшін жаңа форматтағы халықаралық жастардың өсуіне ықпалын тигізуі тиіс.


11. Партия, халық жақсы көретін Алматы апортын дамыту бойынша жұмысты бастайды. Апорттың дамуы мен имиджін жаңа деңгейге шығару қажет. Ғалымдардың айтуынша, апорт тек бүкіл әлем бойынша, Қазақстанда ғана өзінің шынайы сапасын көрсетеді. Басқа жерлерде мұндай сапаға қол жеткізу мүмкін емес. Біз оны қайтадан жандандырамыз.